04 қаң, 2018 сағат 13:09

Тоқаев Корей түбегіндегі жағдай туралы пікір білдірді

ҚР Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев КХДР мен Корея Республикасы арасында байқалған өзара әрекеттерге оң баға берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Екі ел арасындағы байланыс желісінің қалпына келуі түбектегі жағдайдың дамуының жақсы беталысын көрсетеді. Мазасыздық бәсеңдейді деген де үміт бар. ХОК КХДР споршыларының Оңтүстік Кореядағы Олимпиадаға баруына қолдау білдірді, бұл - дұрыс шешім», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасына.