01 қыр, 2021 сағат 14:51

Тоқаев қоғамдағы әйелдердің ұстанымдарын барынша қолдауды тапсырды


Қоғамда әйелдердің экономикалық әрі саяси ұстанымдарын барынша қолдауды қамтамасыз ету керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл жаздың басында менің Жарлығыма сәйкес Үкімет Адам құқықтарын қорғау жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Бұл маңызды құжат Қазақстанда адам құқықтарын қорғау жүйесін ары қарай жетілдірудің ұзақ мерзімді институционалды негізін белгілейді. Кешенді жоспарды қабылдағаннан кейін, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс басталды», - деді Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, осыған байланысты қоғамда әйелдердің экономикалық әрі саяси ұстанымдарын барынша қолдауды қамтамасыз ету керек. 

«Бұл жұмыстарға Президент Әкімшілігі жауапты. Сонымен қатар отбасылық гендерлік саясат концепциясына өзгертулер енгізу керек», - деді Тоқаев.