03 қар, 2020 сағат 13:53

Тоқаев халықаралық қоғамдастықты терроризммен күресте күш біріктіруге шақырды

Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек. Бұл туралы Twitter-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек», - деді Мемлекет басшысы.