17 нау, 2020 сағат 15:50

Тоқаев: Кейбір кәсіпорын қызметшілерін қашықтан жұмыс істеуге көшіру керек

ТЖ режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды.

«ТЖ режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады» - деді Президент.