12 қыр, 2021 сағат 13:50

Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

"Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша. Бақытты әрі берік шаңырақ - еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады", - деп жазды Президент Twitter-де.