Қазақстан да бауырлас елдерге мүмкіндігінше қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы Түркі тілдес мемлекеттері кеңесінің төтенше бейнесаммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бауырлас мемлекеттерге Қазақстан да мүмкіндігінше көмек көрсетуде. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз Қырғызстан мен Тәжікстанға (әр мемлекетке 5 мың тонна ұннан) көмек көрсеттік», - деді Президент.
Осыған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі тілдем мемлекеттері кеңесінің төтенше бейнесаммитіне қатысатынын жазған болатынбыз.