Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды.
«1945 ж. 24 қазанда, яғни 75 жыл бұрын БҰҰ құрылды. Бұл жаһандық институт Қырғи-қабақ соғыс кезінде және жалпы құбылмалы кезеңде өз тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан оның баламасы жоқ. Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына, әмбебап ұйымның ұзақмерзімді мақсаттарына адалдығын сақтайды», - деді Қ.Тоқаев.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады.