26 ақп, 2022 сағат 17:05

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді


Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Отырыс қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.