Ержан Сәденов Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.
Айта кетейік, бұл қызметтен Арыстанғани Заппаров босатылды.
Ал, Ержан Сәденов 2019 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментін басқарған болатын.