28 сәу, 2020 сағат 12:06

Тоқаев гуманитарлық көмек үшін Пәкістан Премьер-министріне алғыс айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханға алғыс айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге арналған дәрі ұсынғаны үшін Пәкістан Үкіметіне және Премьер-министр Имран Ханға шынайы алғысымды білдіремін», деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.