02 сәу, 2019 сағат 09:35

Бізге надан­дықтан құтылу қажет - ҚР Президенті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатында Ұлы Абайдың сөзін мысалға ала отырып, надандықтан құтылу керектігін тілге тиек етті.

Мемлекет басшысы «Ұлт ұстазы Абай Құнан­байұлы ХІХ ғасырдағы қа­зақ­тың мінез-қалыбын барынша өт­кір сынға алып еді. ХХІ ғасырдағы кер­дең мінезге нені жатқызар едіңіз?» деген сұраққа «даңғазалық, ысырапшылдық» деп жауап берді.

«Ұлы Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды» дейді. Бізге надандықтан құтылу қажет», - дейді ол.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мемлекетшіл жастардың көптеп өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Тәуелсіздік жылдарында мем­ле­кеттік, ұлттық ұстанымға адал, білімді, өткір, отаншыл жастарымыздың тұтас бір буыны қалыптасты. Біз соларға арқа сүйейміз. Олар Абай айтқан бес асыл іске берік – талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рақымшыл болса – онда біздің еліміздің болашағы жарқын, жұлдызы жоғары болмақ!» дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде.