01 қыр, 2022 сағат 14:50

Тоқаев: Біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз қажет


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде қазақ және орыс тілдерін оқытуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі бойынша пікірталас болып жатыр. Нақты айтайын: біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз қажет. Себебі бұл ұрпақтың мүддесі үшін керек. Оқу-ағарту министрлігі популистердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қорғауға тиіс. Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде" - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Сондай-ақ, Президент жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескеріп, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңызды екенін айтты.