11 қаң, 2022 сағат 12:45

Тоқаев: Бірқатар қалада ҰҚК департаментінің басшылары борышына адалдық таныта алмады


Бірқатар қалада ҰҚК департаментінің басшылары борышына адалдық таныта алмады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шетін жағдайда Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік күзеттің әскери қызметшілері абыроймен көзге түсті. Бірақ бәрі бірдей өзінің борышына адалдық танытқан жоқ. Бірқатар қалада Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсенал болғанына қарамастан, қызметтік ғимараттарды ондағы қару мен құпия құжаттармен бірге айқассыз тастап кетті», - деді Мемлекет басшысы Мәжәліс отырысында.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, оны Мәжіліс қабылдады.