11 қаң, 2022 сағат 12:01

Тоқаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен, Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Зайд әл Нахаянмен, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен және Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл Халифамен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев оларға Қазақстандағы қазіргі жағдай туралы және елімізде конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.

"Шетелдік көшбасшылар Қазақстан басшылығының жағдайды реттеу жөніндегі іс-қимылдарын қолдайтынын айтып, елімізбен арадағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді", - деп жазады басылым.