31 қаң, 2022 сағат 15:34

Тоқаев Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжіңге жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар, сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.