Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр жарақаттан қайтыс болған арыстық баланың қазасына байланысты оның ата-анасы мен туған туыстарына көңіл айтты.
«Өкінішке қарай, автокөлік қағып, ауыр жарақат алған арыстық бала елорда ауруханасында қайтыс болды. Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын!», - деп жазды Мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасында.
Кеше, 2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасы Арыстағы оқиға кезінде көлік астына түсіп, елордадағы №2 ауруханаға жеткізілген Аян Шәріпбаевтың қайтыс болғанын растады.
Оған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Аян Шәріпбаевты шетелдік мамандар да қарағанын, алайда жағдайы нашар жатқанын мәлім еткен болатын.