Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі қызметін бір жарым жыл атқарған Алексей Цойға алғыс айтты.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді", - деп жазды ол.
Айта кетері, 20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Алексей Цойды Денсаулық сақтау министрі қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды.
Содан кейін Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Цойдың өз еркімен қызметінен босатылғанын айтты.
Өз кезегінде, Алексей Цой әлеуметтік желіде жазба жариялап, денсаулық сақтау саласын ғылым мен әлеуметтік бастамалар арқылы дамытуды қолға алатынын мәлімдеді.
