13 жел, 2021 сағат 16:40

Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан бірнеше азаматтың қаза болғандығына байланысты АҚШ Президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз, – делінген Президенттің жеделхатында.