Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Вице-премьер қазақстандықтарды алдағы мереке күндері санитарлық талаптар мен карантиндік шараларды сақтауға, сондай-ақ барлық отбасылық іс-шараны, соның ішінде Жаңа жылды шетелде емес, корпоративтік кеште немесе банкетте емес, үйде - ең қымбат жандардың ортасында тойлауға шақырды», - делінген Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.
