06 сәу, 2021 сағат 09:06

Тоғжанов: Әкімдіктер вакцинациялауға жататын халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс

Әкімдіктер вакцинациялауға жататын халықтың санаттарымен нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық әкімдерден халықты жаппай вакцинациялау жұмысын пысықтауды сұраймыз. Қызыл аймақтағы өңірлерді және адам санын ескере отырып, бүгін вакцина көлемін ұлғайту жөніндегі шешім қабылдадық. Оның ішінде осы айда Алматы қаласына 464 мың, Нұр-Сұлтан қаласына 284 мың, Шымкент қаласына 172 мың, Алматы облысына 232 мың және Қарағанды облысына 217 мың вакцина бөлу туралы шешім қабылдадық. Бұл бағыттағы жұмыс ары қарай да жүргізіледі», - деді ол. 

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов әкімдіктер вакцинациялауға жататын халықтың санаттарымен нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиістігін баса айтты. 

«Ауылдық жерлер мен еңбек ұжымдарын қамту үшін жылжымалы егу бекеттерін ұйымдастыру және олардың тиісті жабдықтармен қамтамасыз етуді жалғастыру керек», - деді Үкімет басшысының орынбасары.