17 жел, 2021 сағат 00:58

Төбесіне металл конструктор құлаған астаналық әйел қайтыс болды


Елордада үстіне металл конструктор құлаған әйел ауруханада дүние салды. Бұл мәліметті Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төбесіне металл конструкция құлаған елорда тұрғыны қайтыс болды. Қайғылы оқиға 22 қазанда болған еді. Төтенше жағдайдан зардап шеккен 1965 жылы туған әйел №2 қалалық көпбейінді ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті. Пациентке ми операциясы жасалды, өкінішке қарай, оң динамика бермеді. Сондай-ақ, реанимациялық шараларға қарамастан, науқасты құтқару мүмкін болмады», - деп хабарланды басқармадан.

Еске сала кетейік, 22 қазан күні Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй шатырынан металл конструкция құлады.

Оқыс оқиға салдарынан 56 жастағы әйел түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.

Сондай-ақ, қалалық полиция департаменті болған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын хабарлады.

Кейін елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы науқастың өте ауыр халде жатқанын және оған тиісті медициналық көмектің көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.