Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Т. Жақсылықов 1968 жылы туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1993) тарихшы мамандығы бойынша; Саяси зерттеулер институтының (Страсбург қаласы, Франция) магистратурасын (1997) еуропалық зерттеулер саласындағы магистр мамандығы бойынша; Қазақ экономика және қаржы институтын (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы директоры болып бастады.
1997 жылдан - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы.
1998 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі.
1999 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығының сектор меңгерушісі.
2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы басшысының орынбасары.
2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі департаментінің директоры.
2004 жылдан - Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі ҚР Индустрия және сауда министрлігі өкілдер тобының басшысы.
2005-2006 жылдары -«Маркетингтік-сараптамалық зерттеулер орталығы» АҚ (Алматы қ.) басқарушы директоры.
2006 жылдан - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК бас директоры.
2007 жылдан - «Астананы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС директоры, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры.
2008 жылдан бері - Астана қаласы әкімінің экономика және қаржы мәселелері бойынша орынбасары.
2009-2010 жылдары ҚР Индустрия және сауда вице-министрі.
2010-2012 - ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2014 жылдың 13 тамызынан ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары.
2017 жылдың 14 сәуірінен Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі.