Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Тимур Мұратұлы Сүлейменовті Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі етіп тағайындау туралы Жарлықты жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
***
Т.М. Сүлейменовті Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы
Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2019 жылғы 22 наурыз
№ 5
***
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен;
Тимур Мұратұлы Сүлейменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.