22 шіл, 2022 сағат 12:05

Тілшілер әскери оқу-жаттығуға қатысты



Қарағанды облысында өткен "Спасск-2022" әскери дискурсы барысында Қорғаныс ведомствосының мамандары журналистерді төтенше жағдайда және қарулы қақтығыстар аймағында жұмыс істеуге үйретті. Оқыту барысында тәжірибелі әскери мамандар білімдері және практикалық дағдыларымен бөлісті, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Журналист Әсем Асатованың әскери дискурсқа алғаш рет қатысуы. Ол өз әңгімесінде дискурсқа бара жатқанда көп стеротиптер болғанын, бірақ оның бәрі бірінші күннен бастап сейілгенін айтты.

«Әлі күнге әсерлерінен арыла алмай жүрмін. Осы үш күннің ішінде өзімнің физикалық тұрғыда өте әлсіз екенімді түсіндім. Спецназдар жер бауырлап жүр, өйт-бүйт дегенде қатты қобалжыдым. Егер соның бәрі шын болса, соңғы нүктеге мен жете алмайтын сияқтымын. психологиялық тұрғыда көп өсу болды. Үшінші күні басымызға қап кигізіп, ұстағанда мен шын мәнінде жылап қалдым. Өйткені оның бәрін шын мәнінде деп ойлап, елестетсең, өте қорқынышты.

Пайдасы жағынан, теория болған күні бізге бейнероликтер көрсетті. Өзіңді қалай ұстамау керек, не істемеу керек, өзіңмен бірге не болу керек, сондай жерлерге барғанда әскери адамдар алдында өзіңді қалай ұстау керегін көрсетті. Көптеген жағдайларды айтып берді. Мысалы, егер сені тұтқынға алса, жағдай басқаша болады. Бұрын ойлайтынмын, мені тұтқынға алса соңына дейін тұрып аламын, ешқандай ақпарат айтпаймын деп ойлайтынмын. Бірақ біз әскери адам емес, тек ақпарат таратушы болғандықтан, экстремалды жағдай керек емес екенін түсіндірді», – дейді Әсем Асатова.

Оның айтуынша, тұтқынға түскен жағдайда тілші бәрін айту керек екен, кім екенін, қайда істейтінін, не істеп жүргенін деген сияқты. Қаша алсаң қашу керек екен. «Үйге келгеннен кейін ойланып қарасам, мен осының бәрін ондай жағдайда есіме түсіре аламын бе екен деген ой туды» деп қорытындылады ойын.


Ал фототілші Абзал Қалиев жағдайға моральді тұрғыда дайын болғанын, өте жақсы психологиялық дайындық болғанын атап өтті.

«Жалпы айтсақ, өте керек оқу-жаттығу жиыны болды. Мен үшін соңғы күнде ұрыс алаңында макет жасалды, ондай жағдайда өз өзіңді қалай ұстау керек, қалай жұмысыңды атқару керек, ауыр техникамен жорғалап жүріп, қауіпсіз жерге жетіп, фото-видеоға түсіріп жұмыс істеу қиын болды. Бірақ өте керемет әсер алдым.  

Жалпы дискурстың көтеретін жүгі көп болды. Өйткені ауқымы өте кең. Сондықтан бірінші күні бізге теориялық материал берілді. Енді теория практикамен бекітілмесе, оның бәрі бос сөз болатыны түсінікті. Келесі күні теорияда өткеннің барлығын практика жүзінде көрдік. бірінші күні шабуыл жасалған кезде дағдырап қалдық, не істерімізді білмей қалдық. Мысалы, жартысы қашты, жартысы қалды. Сол кезде менде өте үлкен сұрақ болды. Тұтқынға түскенде шынымен қашу керек па, әлде қалу керек па, журналист жауап беру керек пе, жауап бермеу керек пе тосын болды. Мен өзіме толықтай жауап алдым деп ойлаймын. Мүмкіндік болса, қашу керек екен. Өзіміз ашық болуымыз керек екен. біз ешқандай құпия алам емеспіз, журналситсіз, құпиялы ақпарат істейтін адам емессіз дегендей, әрекеттерді түсіндім. Көп нәрсе айтылды. Мысалы, байланыс қалай орнату керек, төтенше жағдайда оператор мен журналист қалай байланыста болу керек деген сияқты. мысалы видео оператор объективті ғана көріп тұрады, жан-жағына қарай алмайды. Сондай жағдайда тосыннан тас лақтырылуы мүмкін, оқ атылуы мүмкін. Ондай кезде журналист оператордың арқасынан ұстап тұрып, жан-жағын барлап тұру керек. Қауіп төнген жағдайда операторды тартып қалып, айтып, ескертіп отыру керек екен. осындай ақпарат өзіме өте пайдалы болды деп ойлаймын», – дейді Абзал Қалиев.

Сонымен қатар, әскери тілші Ернұр Нұрғалиев те өз ойымен бөлісіп, әріптестерінің әскери саланың қаншалықты қиын екенін көргеніне қуанғанын айтты.

«Бізге өткізген жаттығулар, сынақтар сондай ауыр болды деп айтпаймын. Өйткені, күнделікті жұмыста кездесіп жүрген дүние. Дәл экстрималды жағдайда түсірілім жасап жүрдік, оны да үйренгенбіз. десе де, бізге осы шараны ұйымдастырып, өзге тілшілер арасында өткізуі үлкен жаңалық болды. Өйткені біз «Ақсауыт» бағдарламасы қарулы күштердің имиджін көтеру, жауынгерлердің, Отан үшін қызмет етіп жүрген азаматтардың атын шығару мақсатында жұмыс істеп жүргеннен кейін, бізге әрбір әскери мамандардың жұмысын көрсету қиын екенін басқа да тілшілер білсе екен, арнайы жасақтың қызметі ауыр екенін білсе ғойц деген ойда болатынбыз. Сол себепті осы іс-шараны өткізген кезде біз өте қатты қуандық», – дейді әскери тілші.