Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 58-орында тұрған чехиялық Катерина Синяковамен шеберлік байқасты.
Қазақстандық спортшы бірінші партияны өз есебіне жазды – 6:3.
Екінші сетте де брейк жасап, 3:1 есебімен алға шықты. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3.
Бәсеке 1 сағат 11 минутқа созылды.
Е.Рыбакина жүлде қоры 3 млн АҚШ долларына жуықтайтын ірі доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің үшінші, осы турнирдің 2-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Дубайда Аустралия чемпионын ұтқанын жазған болатынбыз.