11 қар, 2019 сағат 13:49

Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 36-орынға көтерілді

Қазақстандық Елена Рыбакина бүгін жаңартылған әлемдік рейтингте 36-орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл осыған дейін 37-сатыда тұрған 20 жасар теннисшінің үздік көрсеткіші саналады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева бұрынғы 34-інші, ал Зарина Дияс 78-орнында қалды.

Дүниежүзілік рейтинг көшін бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти бастап келеді. Чехиялық Каролина Плишкова - екінші, жапониялық Наоми Осака - үшінші орында.

Ерлер арасындағы рейтингте испаниялық Рафаэль Надаль, сербиялық Новак Джокович және швейцариялық Роджер Федерер үздік үштікте тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 48-ден 58-сатыға сырғып кетті. Михаил Кукушкин 67-орында қалса, Дмитрий Попко 189-дан 186-ға жоғарылады.

Қазіргі кезде теннисшілердің дені маусымды аяқтап, демалуда, сосын алдағы жылға дайындалады.

Қазақстан ерлер құрамасы алдағы аптада аса жауапты жарыс – Испанияда өтетін Дэвис кубогы финалында сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Дэвис кубогы финалына қатысатынын жазған болатынбыз.