Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Санкт-Петербург WTA тургирінің финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Е.Рыбакина жартылай финалда әлемнің 21-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен кездесті.
Бірінші партияда грекиялық спортшы 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде Елена есе қайырды - 7:5.
Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші бет қаратқан жоқ - 6:1.
Бәсеке 1 сағат 55 минутқа созылды.
Е.Рыбакина финалда әлемнің 8-ракеткасы, нидерландылық Кики Бертенс немесе рейтингте 28-сатыда тұрған ресейлік Екатерина Александрованың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.
Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингте Е.Рыбакина қазақстандық қыздар арасында алғаш рет үздік 20 теннисшінің қатарына кіреді.