12 мам, 2021 сағат 18:26

Теңіз кенішінде 10 мыңнан астам адам вакцина салдырды


Теңіз кенішінде 10 мыңнан астам адам вакцина салдырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы сәуірде «Теңізшевройл» компаниясына «Спутник V» вакцинасының 15 мың дозасы жеткізілген. Қазір кен орнында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға 15 мың адам ниет білдірген.

«Вакциналау ерікті жүзеге асырылып жатыр. Осы кезге дейін вакцинаның І компонентін 10 мыңнан астам адам салдырды. «Теңізшевройл» мен серіктестер қызметкерлері 11 мамырдан бастап Атырау, Құлсары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы «Медикер» орталықтарынан вакцина салдыра алады», - деді басқармадан.