03 сәу, 2025 сағат 10:52

Теміртауда зейнеткерді соққыға жыққан жасөспірімдердің бірін белгісіз біреулер ұрып кеткен

Фото: Pexels.com

Теміртауда 67 жастағы зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдердің бірі видео арқылы кешірім сұрады. Алайда бұл әрекеті оның өзіне қарсы күш қолданумен аяқталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Наурыз айының соңында бір топ жасөспірім сырқат қарияның есігін қағып, өздерін электр жөндеуші ретінде таныстырған. Үй иесі есікті ашқан бойда олар үйге баса-көктеп кіріп, зейнеткерді ұрып-соғып, балағаттаған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде тарап, қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Кейіннен жасөспірімдер өздері де шабуылға ұшырады – екі жас жігіт оларды жазаламақ болып, соққыға жыққан. Қазір полиция аталған оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның жауапкершілігін анықтауда.

Құқық қорғау органдары азаматтарды заңсыз әрекеттерден сақтануға және өз бетінше жаза қолданбауға шақырды.

Айта кетейік, осы оқиғадан кейін қала әкімінің орынбасары жазаланды.