АҚШ-тың Техас штатында сенбі, 3 тамызда болған атыс кезінде 20 адам қаза тапты, 40-тан аса адам жараланды. Оқиға Мексикамен шекаралас аумақтағы Эль-Пасо қаласында болған. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдағы құпия дереккөзіне сүйенген ABC News арнасы хабарлады.
Шабуылдаушы адам ұсталған. Оның жұртты не үшін атқаны белгісіз. Полиция бірнеше шабуылдаушы болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды.
Атыс Walmart дүкені маңындағы көліктер тұрағында болған. Куәгерлердің сөзінше, карго шалбарын киген шабуылдаушы құлағында қорғағыш құлаққап болған. Арасында билеп жүріп қозғалған. Дүкенге маңызды бір шаруамен жүргендей кіріп барған.
Бұл оқиға туралы хабар алған АҚШ президенті Дональд Трамп Техас губернаторына федералдық үкімет көмегін ұсынған. Ақ үй тергеу барысын мұқият бақылап отыр.
Қаза тапқандар мен жараланғандар саны бойынша Эль-Пасодағы атыс АҚШ тарихындағы ең қанды шабуылдар қатарына жатады.