26 нау, 2024 сағат 20:47

ТДМ мақсаттарына арналған кітап көрмесі

 


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына арналған кітап көрмесі өтті. Көрмеге ҚазҰУ оқытушы-профессорларының ТДМ-ның 17 бағытын қамтыған 300 кітабы қойылды.


Көрмені ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы мен Әл-Фараби кітапханасы жанындағы Farabi оқырмандар клубы бірлесіп ұйымдастырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», –­ ­­деп атап өткен болатын.


Бүгінгі таңда әртүрлі елдердегі тұрақты даму мақсаттарына арналған кітап клубтары БҰҰ-ның бұл бағыттағы жұмыстарын ауқымды аудиторияға, әсіресе жастар арасында кеңінен насихаттауда маңызды рөл атқарады.

Бұл бастамалар ТДМ-ға назар аудару, әлемнің сын-қатерлерін қабылдауға дайын және тұрақты дамуға ұмтылатын көшбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеу бағытындағы маңызды қадамдар болып табылады.


Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің Мемлекет және құқық, конституциялық және әкімшілік құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі Қарлығаш Үсейінова, Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының директоры Жансая Исаева, ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасы директорының міндетін атқарушы Жадыра Айдынғалиқызы қатысып, көрменің маңыздылығын атап өтті.


Көрменің мақсаты ­- жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мақсатында білім мен тәжірибелерін шыңдау. 

 

 

Қарагөз СІМӘДІЛ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің

Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының оқытушысы