17 ақп, 2023 сағат 14:31

Тәжікстанда қар көшкінінен 17 адам көз жұмды

Фото: topdialog.ru

Тәжікстанда қар көшкінінен қаза тапқандар саны 17-ге жетті. Қазір жоғалған 2 студент іздестіріліп жатыр. Бұл жайында елдің Төтенше жағдай қызметінің өкілдері хабарлады, деп жазады 24.kz.

Кеше Тәжікстанның Таулы Бадахшан аймағында қар көшкіні жүріп, Хорог және Ванч қалаларында ғимараттар бұзылып қалған. Душанбеге баратын күре жол да жабылған. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға сақ болуды ескертіп отыр.

Апат салдарынан Хорог қаласында 4 тұрғын үй жермен-жексен болып, 35 шақтысы қирап, 5 ауылшарушылық нысаны зардап шеккен.