27 мау, 2021 сағат 19:09

«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» онлайн-байқауының I кезеңіндегі жеңімпаздар анықталды


Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мәдениет порталы» ақпараттық агенттігінде тұңғыш рет өткізіп жатқан «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауының І кезеңіндегі жеңімпаздар анықталды. 

Екі айға созылған додаға 101 суретші, 300  астам картина келіп түсті. Солардың ішінде 8 суретші үздіктер қатарынан табылды. Олар:

Аршын Қабылбек (Шахтер)

Өмірзақ Рыстан (Ұрпақ қорғаны)

Толқын Талапбек (Көсем)

Дәуренбек Бекназар (Көкейкесті)

Рахат Сапаралинова (ТАС ТЫНЫСЫ)

Аманат Назарқұл (Ұлы дала кардиограммасы)

Серікжан Ысқақбек (Қоянды жәрмеңкесі)

Құмар Омархан «АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК»

Айта кетейік, жеңімпаз 8 сурет бойынша байқаудың ІІ кезеңі жалғасады. Ол кезеңде ақындар жеңімпаз атанған суретшілер салған үздік 8 суреттің біреуін таңдап, сол сурет туралы 1 поэзиялық шығармасын (өлеңін) жолдау арқылы қатыса алады.

Байқаудың АҚЫНДАРҒА арналған 2-кезеңі 26.06.2021 – 26.07.2021 аралығында өтеді.

2-кезең бойынша қазылар алқасының қорытынды шығару мерзімі 26.07.2021 - 01.08.2021. Қазылар алқасының бағалау кезеңі «Мәдениет порталында» онлайн түрде болады.

Жеңімпаз Ақын мен Суретші шығармаларынан арнайы үш тілде (қазақ, орыс және ағалшын) альбом дайындалады. Альбом сапалы, түрлі-түсті суреттермен безендіріліп, арнайы түсірілген бейне роликтерге сілтеме берілген QR-кодтармен жарық көреді.

Негізгі шарт бойынша поэзия мен суретте үндескен дуэт-үміткерлер «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» қорытынды мәдени кешіне алдын ала шақыртылады.