Фото: Pexels.com
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні еліміздің медициналық ұйымдарында 725 нәресте өмірге келді. Оның ішінде 7 егіз бар, деп хабарлайды Ult.kz.
Мерекелік күні туған сәбилердің арасында ұлдар мен қыздардың саны шамалас болды: 362 ұл және 363 қыз.
Тәуелсіздік күні балалардың дүниеге келуі – ел үшін де, жаңа өмірге келген ұл-қызын бауырына басқан отбасылар үшін де айрықша қуанышты сәт.
Бұл күні перзентханалардағы медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге сапалы әрі уақтылы медициналық көмек көрсетіп, өздерінің жоғары жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
