28 қар, 2019 сағат 20:39

Тарихи ойын: «Астана» «Манчестер Юнайтедті» ұтты

Нұр-Сұлтанда Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында "Астана" ағылшынның "Манчестер Юнайтед" клубымен ойнады.

Матчта елордалық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. 10-минутта Джесси Лингард "Манчестер Юнайтедті" алға шығарса, 55-минутта Дмитрий Шомко таблодағы есепті теңестірді.

Ал, қарсылас команданың қорғаушысы Дишон Бернардтың автоголы қазақстандықтарға жеңіс әкелді.

Осылайша, «Астана» Англияның 20 мәрте чемпионы, Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазынан басым түсіп, Қазақстан футболындағы тарихи жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, бүгінгі кездесумен елордалық ұжым өз алаңында өткізетін биылғы ойындарды қорытындылады.

Айта кетейік, елордалық клуб өз тобында соңғы орында келе жатыр. Үшінші сатыдағы сербиялық "Партизанның" қоржынында төрт ұпай бар.