Фото: ашық дереккөз
Тараз қаласындағы 147 мектеп мұғалімінің конституциялық құқықтары прокуратураның араласуымен қалпына келтірілді, деп хабарлайды Ult.kz.
Тексеру барысында білім беру мекемелерінде еңбек заңнамасының бұзылғаны анықталған. Атап айтқанда, мұғалімдерге мерекелік, демалыс және түнгі уақытта атқарған жұмысы үшін тиісті үстемеақылар төленбеген. Сондай-ақ ұжымдық шарт талаптарының сақталмауы да тіркелген.
Прокуратура енгізген қадағалау актісі нәтижесінде бұзушылықтар жойылып, ұстаздарға тиесілі қаражат толық көлемде төленді. Бұл олардың тынығу және әділ еңбекақы алу құқығын қамтамасыз етті.
