09 шіл, 2019 сағат 08:01

Тамара Дүйсенова қызметінен кетті

Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Nur Otan» партиясының хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты», -  деп жазды Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар ол нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тіледі.