13 қыр, 2021 сағат 19:05

Тәліптер бала ұрлаумен айналысатын банданың көзі жойылғанын хабарлады


"Талибан" қозғалысының содырлары (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) балаларды ұрлау ісімен айналысқан бес күдікті өлім жазасына кесілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Aamaj News агентігі Twitter-де жариялады.

13 қыркүйекке қараған түні бірнеше ауғанстандық БАҚ Мазари-Шарифте ірі қақтығыс болғанын хабарлады. Журналистер бұл тәліптер мен басқа содырлар арасындағы шайқас немесе тәліптердің өздері арасындағы қарулы қақтығыс болуы мүмкін деп болжады.

Кейінірек "Талибан" қозғалысының қауіпсіздік қызметі Мазари-Шарифтің тоғызыншы ауданындағы Дашт-э-Шурда арнайы операция нәтижесінде кәмілетке толмаған төрт бала босатылғанын айтты. Олардың айтуынша, адам ұрлау тобында төрт ауған азаматы мен бір өзбек әйел болған. Олардың бәрі өлім жазасына кесілген.