15 там, 2021 сағат 11:25

Талибан өкілдері Ауғанстанның көпшілік аумағын басып алды - БАҚ


«Талибан» жауынгерлері (Қазақстан аумағында тыйым салынған - авт.) Ауғанстанды басып алуды жалғастыруда: жексенбі таңертең олар соғыссыз Джелалабадты алды, бүгін Мазари-Шариф соғыссыз берілді. АҚШ әскерилері Ауғанстандағы дипмиссия қызметкерлеріне көмектесу үшін Кабулға қайта оралуда, деп хабарлайды BBC.

«Қазір Джелалабадта қақтығыс жоқ, себебі губернатор «Талибанға» берілді. Бұл азаматтардың өмірін құтқарып қалудың жалғыз амалы, сондықтан ьталибтерге кіруге рұқсат берді», - деді жексенбі таңертең Джелалабадтағы белгісіз шенеунік. 

Джелалабад – Нангархар провинциясындағы әкімшілік орталық. Ол Кабулдың шығысында, ел астанасы мен Пәкістанның шекарасында орналасқан. Сенбі күні кешке талибтер Ауғанстанның солтүстігіндегі ірі қалалардың бірі Мазари-Шарифті басып алған болатын.