26 ақп, 2020 сағат 08:10

Талғат Қалиев Президенттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі қызметіне тағайындалды.

Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.