Ұлт порталы
Интернет арқылы тор құрған: трансұлттық есірткі желісі әшкереленді
Интернет арқылы тор құрған: трансұлттық есірткі желісі әшкереленді
Ұлттық киім күні: өткен мен бүгінді жалғаған көпір
Ұлттық киім күні: өткен мен бүгінді жалғаған көпір
  • Қаз
  • Төте
  • Lat
  • Рус
Ұлт порталы
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Спорт
  • U magazine
  • Екінші республика
  • Әлемде
  1. Басты бет
  2. /
  3. Өзекті
15 сәу, 2019 сағат 08:48

Талғат Ешенқұлов тағы да комитет төрағасы болды

ҚР Білім және ғылыми министрінің бұйрығымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

Айта кетсек, Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін үздік, 2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған. Экономика және юриспруденция салаларындағы маман біліктілігіне, сондай-ақ «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бейіні бойынша PhD докторы дәрежесіне ие. Мемлекеттік басқару және білім беру жүйесін дамыту саласында 2 оқу құралы мен 19 ғылыми мақаланың тең авторы. 

2006-2012 жылдары Индиана университететінде (АҚШ), Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде, Дьюк Университетінің Сэндфорд мемлекеттік саясат мектебінде (АҚШ), Голландия мемлекеттік басқару институтында (Гаага, Нидерланды), Оңтүстік Кореядағы Мемлекеттік аудит институтында мемлекетік басқару және аудит мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларынан өткен. 

Еңбек жолын 2000 жылы сот жүйесі органдарында бастаған. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі басқарушылық қызметтер атқарған. 2007–2011 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысындағы Балалар құқықтарын қорғау департаментін басқарған.

2016 жылы шілдеде Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 7.03.2018 жылдан 13.09.2018 жыл аралығында негізгі қызметкердерің әлеуметтік демалысы кезінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарды. 2018 жылғы 14 қыркүйектен бастап Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі қызметінде болды. 

Бөлісу:
1889 рет оқылды
Электораттың 87,15%-ы жаңа Конституцияны қолдаған
17.03.2026
Электораттың 87,15%-ы жаңа Конституцияны қолдаған
Таяу Шығыстағы шиеленіс: 467 қазақстандық елге эвакуацияланады
04.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: 467 қазақстандық елге эвакуацияланады
СІМ Қазақстан азаматтарын Ираннан эвакуациялау бойынша жұмыстардың нәтижесін жариялады
03.03.2026
СІМ Қазақстан азаматтарын Ираннан эвакуациялау бойынша жұмыстардың нәтижесін жариялады
02.03.2026
Көлік министрлігі Таяу Шығыс елдерінен азаматтарды алып келу шараларын талқылады
25.02.2026
Қазақстанда ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесі заң жүзінде бекітіледі
17.02.2026
285 кәмелетке толмаған: жолдағы қайғылы статистика ескертеді
МАҢЫЗДЫ МАҚАЛАЛАР
03.02.2026
Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
02.02.2026
Ауыз ашарда және бекіткенде айтылатын дұға
10.01.2026
Алакөл мен Қорғаста шетелдіктерге арналған казино аймағы ашылуы мүмкін
Басқа да мақалалар
АЙМАҚТАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Алматыда Наурыз мейрамында қайда баруға болады
Алматыда Наурыз мейрамында қайда баруға болады
Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді
Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді
Алдағы күндері ел аумағында ауа температурасы одан әрі көтеріледі
Алдағы күндері ел аумағында ауа температурасы одан әрі көтеріледі
Басқа да мақалалар
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Саясат
  • Руханият
  • Спорт
  • U magazine
  • Ұлт тарихы
  • Екінші республика
  • Әлемде
  • Дызетер
  • ҰЛТ TV
  • Аймақ
  • Ана тілі
  • Экономика және бизнес
  • Қылмыс
Құрылтайшы: «Tengri Gold» ЖШС
2012-2021 © Ұлт порталы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ71VPY00084887 куәлігі берілген.
Авторлық және жарнама құқықтар толық сақталған.
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Жоғары
Пошта: 1ult.kz@gmail.com
Тел: + 7 707 878 85 89
Жарнама / Жоба туралы / Құпиялылық саясаты
Поддержка
Digital idea