©instagram/kris_p_talgar
Талғар қаласында Audi және Renault көліктерінің қатысуымен жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Пятый регионға" сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жол апаты бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеодан екі бағыттан келген көліктер бір-бірімен соқтысып, Audi автокөлігі инерция арқылы өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткені көрсетіледі. Видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Оқиғадан кейін жоғарыда аталған көліктердің жүргізушілері арасында жанжал туындап, оқиға орнына белгісіз адамдар келген. Текетірес барысында Audi жүргізушісі тіркелген газ тапаншасымен қолында спорттық битасы бар белгісіз адаммен ауызша жанжалға түскен. Айта кету керек, оқиғаға қатысушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Талғар ауданында тіркелді.
Барлық қажетті тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулердің қорытындыларынан кейін процестік шешім қабылданатын болады.
Тергеу барысын облыстық департамент басшылығы бақылауға алды.