Фото: vera.kz
Талғар полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
24 қаңтар сағат 13:48 шамасында Талғар ауданының ПБ-ге оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғандығы туралы хабарлама түскен.
"Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша жоғарыда көрсетілген бөлімшенің СДТБТ-да тіркелді.
1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды" - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.