12 қар, 2022 сағат 09:03

Талдықорғанда жол апатынан 4 жасар бала қаза тапты


Талдықорғанда жол апатынан 4 жасар бала қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Апат BMW 530, ВАЗ-2114 және Toyota Chaser автокөліктерінің қатысуымен болған. Салдарынан 4 жасар бала қаза тауып, 23 жастағы ВАЗ-2114 жүргізушісі және бір жолаушы зардап шеккен, олар түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

BMW 530 көлігін 42 жастағы жергілікті тұрғын басқарғаны анықталды, ол Рақышев көшесінде ВАЗ-2114-пен соқтығысып, сонымен қатар тұрақта тұрған Toyota Сhaser көлігін соққан.

Медициналық куәландыруға сәйкес, неміс көлігінің жүргізушісі мас күйде болған. Ер адам қалалық полицияға жеткізіліп, қамауға алынды. Соталды тергеу басталды.

Желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Оны блогер Сандуғаш Дүйсенова түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.