Сурет: pexels
Талдықорғанда 30 наурызда көшеде жанжал шығып, ер адам пышақ жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кешкі уақытта таныс адамдар арасында жанжал төбелеске ұласып, бір адам пышақталды.
Қылмыс жасаған күдікті оқиға орнынан қашқанымен, полиция оны ізін суытпай ұстады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
