Көрнекі сурет: rayon.in.ua
Талдықорғанда 15 жастағы оқушыны ұрлау туралы ақпарат расталмады. Бала табылып, ата-анасына тапсырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
2 қаңтарда Талдықорған полициясына 15 жастағы оқушыны ұрлау туралы хабарлама келіп түскен. Мәлімдемеде қалалық шағын аудандардың бірінде кәмелетке толмаған бозбаланы бірнеше ересек ер адам күш қолданып алып кеткен деп көрсетілген, бұған оның бөлесі куә болған.
"Полицейлер жақын маңдағы тұрғын үй массивтерін қарап шықты, сонымен қатар қаланың барлық салынып жатқан құрылыс объектілерін тексеріп, көшедегі бейнебақылау камераларын қарады. Сонымен қатар жедел уәкілдер кәмелетке толмаған баланың ата-анасының үйінен өздігінен кеткені туралы нұсқаны тексерді. Нұсқа ақыры куәгердің “ұрлау” туралы қосымша сауалнамасынан кейін расталды" - делінген хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқушының орналасқан жері анықталған. Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған бала туыстарына, Сарқан қаласына барған. Оны полиция қызметкерлері сол жақтан іздеп тауып, Талдықорған қаласына жеткізді.
Жасөспірім ата-анасының үйіне қайтарылды.