13 қаң, 2026 сағат 16:03

Таиландта қазақстандық туристер мінген катер апатқа ұшырады

Фото: видеодан скриншот

Таиландтың Пхукет аралы маңында туристік катер мен балық аулау кемесі соқтығысып, салдарынан катер суға батқан, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқиға кезінде катер бортында 55 адам болған. Олардың ішінде Қазақстанның 8 азаматы бар. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, зардап шеккен отандастарымыздың барлығына дер кезінде медициналық көмек көрсетілген.

«Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 3 азаматы ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, барлық шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Консул азаматтармен тұрақты байланыста болып, қажетті қолдау көрсетіп жатыр», – деп хабарлады СІМ.