15 ақп, 2024 сағат 10:48

Таиланд Қазақстан азаматтары үшін 30 күндік визасыз режим мерзімін ұзартты

Таиланд туризм басқармасы қазақстандық азаматтар үшін 30 күндік визасыз режим мерзімін ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Отандастарымыз енді Таиландта 31 тамызға дейін бір ай визасыз жүре алады. Мұны Таиланд туризм басқармасы мәлімдеді. 

Осыған дейін екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында Таиланд Корольдігі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режимді енгізген еді.