Еуразия ұлттық университеті Сымбат Қанайдың ЕҰУ студенті екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік желі мен БАҚ-тағы Сымбат Қанай жайлы ақпаратқа байланысты төмендегіні хабарлайды:
Сымбат Қанай Еуразия ұлттық университетінде ешқашан оқыған емес және ЕҰУ студенті болып табылмайды. БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Ұлттық тестілеу орталығы биыл Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде заң бұзған 19 талапкердің нәтижесін жойылғанын мәлім етті.
