10 мам, 2024 сағат 16:01

Су тасқыны болған өңірде жарықты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр - министр

Фото:ТЖМ

Бүгін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев су тасқыны болған 6 өңірде жарықты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын айтты, деп хабарлады "Ұлт Ақпарат".


"Қостанай облысында байланыссыз қалған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге дейін азайды. Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 13 абонентке дейін азайып отыр. Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында байланыстан тысқары қалған халық 4 есе, ал Атырау облысында 3 есе азайды. Солтүстік Қазақстан облысында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қалған 5 мың абонент су деңгейі төмендеген соң жарыққа қосылады, - деді Алмасадам Сәтқалиев 


Министрдің сөзінше қазіргі уақытта су тасқыны салдарынан электрден ажырап қалған өңірлерді қалпына келтіру үшін 9 мыңнан аса энергетик маман, 2 145 арнайы автотехника іске қосылған және де 414 мобильді электр энергиясы көзі бар. 

Сәтқалиевтің сөзінше жуық арада әртүрлі кластағы 3 мыңнан аса электр беру желісін қалпына келтіру қажет екен. Министрдің өзі мәселені шешуге қажетті барлық материал бар екенін айтып отыр.